Федоров ауданы Новошумный ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумное ауылы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 7553 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Новошумный ауылы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Новошумный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Новошумный ауылында қайта аталсын:

      Ленин көшесі Орталық көшесіне;

      Чапаев көшесі Ө. Оспанов көшесіне;

      2. "Федоров ауданы Новошумное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      К. Байкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады