Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 5861 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына cәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының "Ленин" көшесі "Астана" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Екібастұз қаласының мына көшелері:

      "70 лет ВЛКСМ" көшесі - "Болашақ" көшесі болып;

      "Комиссаров" көшесі - "Сарыарқа" көшесі болып;

      "Крупской" көшесі - "Ынтымақ" көшесі болып;

      "Западная" көшесі - "Ерғанат Көшербаев" көшесі болып;

      "Октябрьский" өтпе жолы - "Береке" өтпе жолы болып;

      "Энергетиков" көшесі - "Энергетиктер" көшесі болып;

      "Горняков" көшесі - "Кеншілер" көшесі болып;

      "Московская" көшесі - "Мәншүк Мәметова" көшесі болып;

      "Киевская" көшесі - "Шәкәрім" көшесі болып;

      "Новоселов" көшесі - "Әлия Молдағұлова" көшесі болып;

      "Строительная" көшесі - "Бауыржан Момышұлы" көшесі болып;

      "Декабристов" көшесі - "Жігер" көшесі болып;

      "Молодогвардейцев" көшесі - "Татулық" көшесі болып;

      "Октябрьская" көшесі - "Ақжол" көшесі болып;

      "Пионерская" көшесі - "Балдәурен" көшесі болып;

      "Советов" көшесі - "Наурыз" көшесі болып;

      "Омская" көшесі - "Астана" көшесі болып;

      "Энергостроителей" бульвары - "Академик Марденов" бульвары болып;

      "Школьный" өтпе жолы - "Ғаббас Сағиденов" өтпе жолы болып;

      "Комсомольский" өтпе жолы - "Нұрлы" өтпе жолы болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы М. Стрелковская
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады