Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 218/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 5925 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су Кодексінің" 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Стрелковская
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

  Облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 218/21 шешіміне
қосымша

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінен су ресурстарын
пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

121,99

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

1000 текше метр

701,01

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

197,52

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

197,52

5

Су көліктері

1000 тонна шақырым

27,11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады