Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі "Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметімен қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін және тәуекел критерийлерін бекіту туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 6014 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі "Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметімен қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін және тәуекел критерийлерін бекіту туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған).

      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы шешімді Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады