Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 26.06.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 16-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес, ішкі аудит қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мыналар:
осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметімен қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесі;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тәуекел критерийлері бекітілсін.
2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы шешімді Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 18 cәуірдегі № 2 шешіміне 1 қосымша |
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит
жүргізу кезінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау
қызметімен қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесі
1. Жалпы ережелер
1. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметімен (бұдан әрі - ішкі аудит қызметі) қолданылатын осы тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі - жүйе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 16-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес әзірленген және Павлодар облысы әкімінің шешімімен бекітілген.
2. Жүйе ішкі мемлекеттік аудит қызметі үшін тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша әдістемелік негізін жасауға арналған және мақсаты тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізілімін қалыптастыру тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит және Павлодар облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің өзге де қызметтерін жүргізу болып табылады.
3. Жүйені пайдалану кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) ден қою шаралары – тәуекелдерді алдын-алу, оларды барынша азайту және жоюға бағытталған, ішкі аудит қызметі қабылдайтын іс-шаралар кешені;
3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың мәні (бұдан әрі – мемлекеттік аудит мәні) – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік екемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджеттік қаражатты алушылар;
5) сараптамалық талдау – мамандардың (сарапшылардың) біліктілігі мен біліміне негізделген талдау әдісі;
6) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамаудың, мемлекеттік аудит объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу және толық көлемде орындамаудың ықтималдығы;
7) тәуекелді бағалау – теріс оқиғаның және салдарлардың тигізетін ықпалының туындау ықтималдығының сапалық және (немесе) сандық тәсілдері негізіндегі анықтамаларды қамтиды;
8) тәуекелдерді басқарудың жүйесі – есептер мен басқа да деректер негізінде тәуекелдер және олардың факторларын анықтау, сәйкестендіру, бағалау және талдауға, пысықтау мен ден қою шараларын қабылдауға, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділігін мониторингілеуге бағытталған, бақылау iс-шараларын тиiмдi жоспарлауды және жүргiзудi қамтамасыз ететiн, ресурстарды таңдап, оларды бақылау қызметiнiң ең басым бағыттарына оңтайлы бөлу принциптерiне негiзделген және тиісті жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етуші әкiмшiлiк ету жүйесi;
9) тәуекел деңгейі – олардың салдары мен болу ықтималдығы комбинациялары нәтижесінде көрінген, тәуекелдер көлемі;
10) тәуекел көзі – жеке немесе басқалармен ұштастыра отырып, тәуекелдің ұлғаюына әкелу мүмкіндігі бар объект;
11) тәуекел критерийлері (тәуекелдедің басты индикаторлары) – мемлекеттік аудиттің мәнін және объектісін тәуекелдің белгіленген тобына жатқызу туралы шешім қабылдауға негіз болатын, бағдарланған іріктеу тәуекелін жүзеге асыру мақсатында тәуекелдің туындауын қадағалау және болжау үшін қолданылатын көрсеткіштер;
12) тәуекелді талдау – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қандай да да бір саласына тәуекелдің тигізетін ең көп әсерін анықтау үшін жүргізілетін іс-қимыл;
13) тәуекелдердің мониторингі – мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдердің алдын алу, оларды барынша азайту, жою бойынша іс-қимылдардың тиімділігін кейін талдау және бағалау үшін тәуекел серпінінің дәрежесі бойынша мемлекеттік объектілерін есепке алу.
2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі кезеңдері
4. Тәуекелдерді басқару жүйесі келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) ақпарат жинау;
2) тәуекелдерді сәйкестендіру;
3) тәуекелдерді бағалау;
4) ден қою шаралары;
5) тәуекелдер мониторингі.
5. Тәуекелді бағалауды өткізу үшін мемлекеттік аудиттің объектілерінен және басқа да ресми көздерден алынған қаржылық және бюджеттік есептіліктерден ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәлімет жинау.
Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндері бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүйелеу жүзеге асырылады.
Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау процесстері барынша автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін жасайды.
Ақпаратты жинау және өзектендіру мерзім сайынғы негізде тәуекелді және оның критерийлеріне бағалау жүргізу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.
6. Тәуекелдерді сәйкестендіру тәуекелдер мен олардың өлшем шарттарын анықтау мақсатында мемлекеттік аудит объектілері мен мәнін зерделеу, әлеуетті және шынайы қауіп пен қатерлерді, олардың туындау себептерін айқындау жолымен жүргізіледі.
Тәуекел критерийлері жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес ішкі мемлекеттік аудит қызметі үшін тәуекелдердің біршама болу мүмкіндігін анықтау үшін оңтайлы жағдайда анықталады.
Тәуекелді сәйкестендіру кезінде тәуекелді басқару үшін негізгі өлшемдер белгіленеді, қолдану аясы, тәуекел көздері мен бұзушылық түрлері анықталады.
Ішкі аудит қызметі өздеріне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге қарай тәуекелдерді айқындау үшін келесі бағыттарын пайдаланады:
1) бюджеттің шығыс бөлігі саласындағы тәуекелдер, тәуекелді бағалаудың 2 деңгейінен тұрады:
мемлекеттік аудит мәні бойынша (бағдарламалық құжаттар, бюджеттік бағдарламалары);
мемлекеттік аудит объектісі бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және басқа да мемлекеттік мекемелері).
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша тәуекелдер.
7. Тәуекелдерді бағалау сандық және (немесе) сапалық әдістердің негізінде олардың ықтималдығы және ықпалына сүйене отырып, есептеледі.
Бақылау объектілерін тиісті тәуекелдер топтарына жатқызу үшін тәуекелдерге бағалау жүргізу үшін алдын-ала есеп көрсеткіштері бойынша ақпарат құрастырылады.
Тәуекелдерді бағалау айқындалған тәуекел критерийлеріне сәйкес мемлекеттік аудит объектілері мен мәндерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері, тәуекел критерийлері, объектілер бойынша, тәуекел балдары тұрғысында тәуекелдерді басқару жүйесін өңдеудің қорытынды нысандары ресімделеді.
8. Ішкі аудит қызметінің ден қою шаралары мерзімді негізде тиісті талдау жасау арқылы жүзеге асырылады, қолданылатын ден қою шараларының тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Ішкі аудит қызметі қажетіне қарай тәуекелдерге ден қою шараларын мына санаттар бойынша жүзеге асырады:
1) алдын ала ден қою шаралары;
2) нұсқамалық ден қою шаралары;
Жоғары дәрежелі тәуекелдерге әкелетін шарттар сақталған жағдайда мемлекеттік аудит объектісі бойынша мемлекеттік аудит өткізу туралы мәселені қарастыру қажет.
3) Тәуекелдер дәрежесі төмен мемлекеттік аудит объектілері бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары тәуекелдер дәрежесінің өсуін уақытында анықтау мақсатында және тиісті шаралар қабылдау үшін тәуекелдер мониторингін жүргізеді.
9. Тәуекелдер мониторингі:
1) Тәуекелдердің тиімділігі мен өзектілігін және тәуекелдер дәрежесінің өзгеруін (қалдық тәуекелдерді айқындау) анықтау мақсатында мерзімді негізде мониторинг өткізу;
2) тәуекелдердің расталу тиімсіздігі немесе өзекті еместігі анықталған жағдайда тәуекел жоқ болып саналады.
Ішкі аудит қызметі қажетіне қарай тәуекелдерді айқындау мен бағалау дұрыстығына, оларды орындауда белгіленген рәсімдер сәйкестігіне талдау жүргізеді.
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып,
тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілері
тізбесінің жобасын қалыптастыру
10. Мемлекетік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру жоғары және орташа тәуекел деңгейлері бар мемлекеттік аудит объектілері мен мәні бойынша тәуекелді басқару жүйесін өңдеудің қорытынды нысанында тәуекел объектілерін басқарудың тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік аудит объектілері мен мәндерін бағалау тәуекелдің әрбір критерийі бойынша мәндер жиынтығы негізінде есептелген қорытынды балл мен тәуекел деңгейін анықтауды қамтиды.
12. Тәуекелдер критерийі интервалдарға бөлінеді, әрбір интервалға балл беріледі.
13. Ішкі мемлекеттік аудит қызметі мерзімді негізде тәуекел критерийлерінің тиімділігіне (өзектілігіне) мониторинг жүргізеді, соның нәтижелері бойынша критерийлер алынып тасталады немесе тәуекелдер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен өзгертіледі.
Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 2 шешіміне 2 қосымша |
Тәуекелдер критерийлері
Р/с № | ББӘ, ММ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
1 | Мемлекеттік қаржыландыру ресурстарының пайдаланған көлемі |
2 | Бюджеттің орындалуы |
3 | Соңғы аяқталған қаржыландыру жылының аяғында қаржыландыру көлеміне дебиторлық берешек |
4 | Соңғы аяқталған қаржыландыру жылының аяғында қаржыландыру көлеміне кредиторлық берешек үлесі |
5 | Соңғы аудиторлық тексерісті өткізу сәтінен бастап мерзімі |
6 | Соңғы 2 жылда өткізілген тексерістің қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылық ауқымы |
7 | Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзумен өтікізілген, мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен соңғы 2 жылда анықталған мемлекеттік сатып алу саны |
8 | Соңғы 2 жылда өткізілген тексерістің қорытындылары бойынша қорытындысына әсер еткен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзуын анықтаған ауқымы |
9 | Соңғы 2 жылда анықталған, есепке қайта қайтаруға және бюджетке орнын толтыруға жататын қаржылық бұзушылық ауқымы |
10 | Соңғы 2 жылда бақылау органдарының ұсыныстары мен ескертулері бойынша шаралар қолданбау |
11 | Мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану туралы құқық қорғау органдары тексерістерінің саны (құжаттарды алу фактілері) |
12 | Қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың ауысу мерзімділігі |
КВАЗИСЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР | |
1 | Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат көлемі (мемлекеттік тапсырма, трансферттер, жарғы капиталын қалыптастыру/толтыру, жұмысты/қызметті орындау) |
2 | Жарғылық капитал мөлшерінің өсуі/төмендеуі |
3 | Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың бар-жоғы |
4 | Өткен кезеңмен салыстырғанда табыстың өсуі/төмендеуі |
5 | Жалпы шығын көлемінен әкімшілік шығындардың үлесі |
6 | Соңғы тексерісті өткізу күні, жылы, қамтылу мерзімі, соның ішінде тақырыптық және кешенді |
7 | Соңғы 2 жылдың ішінде бухгалтерлік есептерде шығынның көрсетілуі |
8 | Өткен тексеріс қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы |
9 | Соңғы 2 жылда анықталған, есепке қайта қайтаруға және бюджетке орнын толтыруға жататын қаржылық бұзушылық ауқымы |
10 | Мемлекетттік сатып алу қорытындысына әсер ететін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамана бұзумен өткізілген, соңғы 2 жылда анықталған мемлекеттік сатып алу саны |
11 | Соңғы 2 жылда өткен бақылауда анықталған, мемлекетттік сатып алу қорытындысына әсер ететін, анықталған мемлекеттік сатып алулар туралы бұзушылықтардың ауқымы |
12 | Бақылау органдарының ұсыныстарын орындауы |