Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына, 65-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 19-1/252 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы "Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы" № 70/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын.
"11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып:
1) тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған жерлерде шомылу;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" № 34 бұйрығының талаптарына сәйкес, демалу мен шомылу алаңдары үшін қауіпті және жабдықталмаған су айдындарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тыйым салу және ескерту белгілерін орнатады;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған немесе шектеу қойған жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су мен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су алу;
3) тиісті тыйым салу немесе ескерту белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтыны айқындалсын;
4) мал суаруға санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда жол берілмейді.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |