Павлодар қаласы Ленин кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 70 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қарашада № 6124 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласы Ленин кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы Ленин кентінің келесі көшелері:

      "Ворошилов" көшесі – "Жүсіпбек Аймауытов" көшесі;

      "Ермаковская" көшесі – "Сарайшық" көшесі;

      "Лихачев" көшесі – "Отырар" көшесі;

      "Лазарев" көшесі – "Желтоқсан" көшесі;

      "Пролетарская" көшесі – "Қайнар" көшесі;

      "Пахотов" көшесі – "Алаш" көшесі;

      "Тухачевский" көшесі – "Достық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ленин кентінің әкімі Д. Тайгулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады