Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл, Байдала және Долгое ауылдарының көшелеріне қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 17-1-03/66 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 қарашада № 6117 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл, Байдала және Долгое ауылдары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысының негізінде Кенжекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл ауылының "Октябрьская" көшесін - "Шоң би" көшесі, "Луговая" көшесін - "Көкжайық" көшесі, "Конституция" алаңы - "Ата Заң" алаңы, "Школьный" тұйық көшесін - "Ұлан" тұйық көшесі, Байдала ауылының "Узденов" көшесін - "Ақжол" көшесі, Долгое ауылының "Лунев" көшесін - "Мұрагер" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.

      Кенжекөл ауылдық
      округінің әкімі С. Шуақбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады