Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 5854 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 26.03.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласының және қаланың ауылдық аймақтарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арынов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арыновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дычко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады