Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 83/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 5867 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 234/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 09.04.2021 № 234/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф бір сапар үшін 65 (алпыс бес) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы В.В. Ковальчукке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі К. Нукенов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Екібастұз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Куспеков
      2018 жылғы "01" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады