Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шідерті поселкесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің келесі көшелері мен тұйық көшесі:
"Водопроводная" көшесі "Құрманғазы" көшесі;
"Горняков" көшесі "Кеншілер" көшесі;
"Графтио" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Железнодорожная" көшесі "Сұлтанмахмұт Торайғыров" көшесі;
"Калинин" көшесі "Достық" көшесі;
"Комсомольская" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;
"Ленин" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі;
"Маргулан" көшесі "Әлкей Марғұлан" көшесі;
"Мир" көшесі "Бөгенбай батыр" көшесі;
"Сельская" көшесі "Қабанбай батыр" көшесі;
"Спортивная" көшесі "Мәшһүр Жүсіп" көшесі;
"Степная" көшесі "Желтоқсан" көшесі;
"Центральная" көшесі "Қажымұқан Мұңайтпасұлы" көшесі;
"Юность" көшесі "Жастар" көшесі;
"Юбилейная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
"Мир" тұйық көше "Бірлік" тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шідерті поселкесі әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Калиякбаров |