Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 қыркүйектегі "Баянауыл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" № 291/48 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 150/24 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 қыркүйектегі (V сайланған ХLVIII кезектен тыс сессиясы) "Баянауыл аудандық мәслихатының Регламенті туралы" № 291/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 қыркүйегінде № 4719 болып тіркелген, 2015 жылғы 05 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 9 қазанда және 21 қазанда "Баянтау" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады