Баянауыл ауданы Майқайың кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 1-20/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 қазанда № 6068 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Майқайың кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 30 мамырдағы және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Майқайың кентінің "Советов" көшесі "Достық" көшесіне, "Фрунзе" көшесі "Кенші" көшесіне, "Тельман", "Р.Люксембур", "Жилплощадка" көшелері "Бәйтерек" көшесіне, "Мира" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесіне, "Микрорайон" көшесі "Шәкен Айманов" көшесіне, "Целинная" көшесі "Жаяу Мұса" көшесіне, "Энгельса" көшесі "Жұмат Шанин" көшесіне, "Ленина", "Спортивная" көшелері "Астана" көшесіне, "Кирова", "К.Маркс" көшелері "Алтын дала" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майқайың кентінің әкімі С. Аханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады