Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Качир ауданы бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 5/22 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 қарашадағы № 3/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қарашада № 6122 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Качир ауданы бойынша 2018 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 5/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5821 тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 5/22 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Кауц
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады