Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 cәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы үшінші, төртінші, тоғызыншы абзацтар келесі редакцияда жазылсын:
"зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын тұлғаларға, атап айтқанда:";
"зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға 1,2 айлық есептік көрсеткіш (одан әрі - АЕК) мөлшерінде;";
"мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге 2,4 АЕК мөлшерінде;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Левченко |
Мәслихат хатшысы | А. Шайхимов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
2018 жылғы "21" ақпан |