Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 164/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 тамызда № 6039 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" және "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақта:

      4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi);";

      7) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "санаторлық – курорттық емдеуге мұқтаж 1 топ мүгедектері;";

      8-тармақта:

      2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "7-тармақтың 7) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерінде (алып жүретін тұлғаның тамақтануына, тұруына және жолақысына) – өтініш, өтініш берушінің және алып жүретін адамның жеке куәлік көшірмелері, Успен ауданы аумағында тіркелгенін растайтын құжат (мекен жай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, санаторлық-курорттық сауықтыруға мұқтаж 1 топ мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекеменің анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде;";

      4) тармақшасының үшінші абзацында "5 АЕК мөлшерде" сөздерінен кейін "7-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген, 10 АЕК мөлшерде" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Тауасқан
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады