Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қарашада № 6096 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 12 шілдедегі қорытындысы негізінде, Лозов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Лозов ауылдық округінің Лозов ауылында келесі көшелері:

      "Советская" көшесі "Береке" көшесі болып;

      "Октябрьская" көшесі "Жастар" көшесі болып;

      "Пирогов" көшесі "Достық" көшесі болып;

      "Садовая" көшесі "Отан" көшесі болып;

      "Репин" көшесі "Бірлік" көшесі болып;

      "Победа" көшесі "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лозов ауылдық
      округінің әкімі Б. Баймулдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады