ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXIII сессиясының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 262 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 1498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына және Алматы қаласы әкімінің ұсынуына сәйкес, қалалық ортаны кешенді көріктендіру және эстетикалық ұйымдастыру және экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік ыңғайлы тіршілік ортасын құру мақсатында, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVI сессиясының "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 720 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарының 4 қосымшасындағы:

      Ж-З Шағын қабатты құрылыс салу (2-3 қабат) жер телімінсіз аймағы тарауының бөлігіндегі соңғы азатжол келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Шығыс айналма жолының (ШААЖ) параметрлерін белгілеу Әл-Фараби даңғылының, Саин, Жандосов көшелерінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан барлық құрылыс түрлеріне шығыңқы іргелік қабатты қоспағанда үш қабаттан көп емес етіп белгілеу, биіктігі жер деңгейінен жақтаудың ұштауына (жабынның ұшы) дейін он екі метрден аспайтын халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау және білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысын қоспағанда.".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.А. Әділхановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.А. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХХІІІ
сессиясының төрағасы
Б. Садықов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады