Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXIII сессиясының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 257 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 1499 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша берілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХХІІІ
сессиясының төрағасы
Б. Садықов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 257 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде
тегін қосымша берілетін дәрілік заттар

Нозология

Дәрілік заттардың атауы

Өтініш нысаны

1.

Метастатикалық меланома

Дабрафениб (Тафинлар)

75 миллиграммдық капсула

2.

Метастатикалық меланома

Вемурафениб (Зелбораф)

Үлбірлі қабықпен қапталған, таблеткалар, 240 миллиграмм

3.

Колоректальды қатерлі ісігі

Регорафениб (Стиварга)

Үлбірлі қабықпен қапталған, таблеткалар, 40 миллиграмм

4.

Жүйелі қызыл жегі

Белимумаб

Инфузия ерітіндісін дайындау үшін концентратты дайындауға арналған, лиофилизат, 400 миллиграмм

5.

Созылмалы лимфоцитарлық лимфолейкоз

Ибрутиниб

140 миллиграммдық капсула

6.

Шашыраңқы склероз

Натализумаб (Тайсабри)

Инфузия ерітіндісін дайындауға арналған концентрат, 300 миллиграмм/ 15 миллилитр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады