Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 12.04.2019 № 03 (ресми жарияланған күннен бастап, он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 23 сәуірінде № 1028 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінде 2014 жылдың 01 мамырында № 52-53 және "Вечерний Алматы" газетінде 2014 жылдың 01 мамырында № 51-52 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 314, 316 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 319, 355 сайлау учаскелерінің орталықтары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді, әрі қарай ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы А. Калдыбековке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу ауданының әкімі | М. Тажибаев |
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 03 шешімінің қосымшасы |
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелері шекараларының өзгеруі № 314 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Казаков көшесі, 6 "№ 66 жалпы білім беру
мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекаралары: Корнилов көшесінен бастап Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесімен оңтүстікке қарай (оңтүстік-батыс жағы) Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Боткин көшесіне дейін; Боткин көшесімен оңтүстікке қарай (оңтүстік-батыс жағы) Абдиров көшесіне дейін; Абдиров көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен солтүстікке қарай (солтүстік-шығыс жағы) Корнилов көшесіне дейін; Корнилов көшесімен батысқа қарай (екі жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін.
№ 316 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гончаров көшесі, 23 "№ 109 жалпы білім беру
мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінен Столетов көшесімен шығысқа қарай (екі жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Стадионная көшесіне дейін; Стадионная көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қарасу өзені арнасына дейін; Қарасу өзені арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін.
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелері орталықтарының өзгеруі № 319 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Ақпаева көшесі, 59 "№ 108 жалпы білім беру
мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 355 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Көкжиек шағын ауданы, 63 "№ 177 жалпы білім
беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі