Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 4836 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысымен

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8)-тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898) 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Жұмыс орындарына квота:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру 1-қосымшаға сәйкес;

      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрдересми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының
әкімі
М. Тасмағанбетов

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына 1-қосымша

Петропавл қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 08.04.2019 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Ұйым атауы

Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы пайызы)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)


1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылжар" филиалы

57

2%

1

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына 2-қосымша

Петропавл қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарынан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 08.04.2019 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы əкімдігінің 09.01.2020 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

№ р/с

Ұйым атауы

Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы пайызы)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)


1

2

3

4

1

"Пилон" Құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

2%

1

2

"Основание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

325

0,4%

1

3

"Зерттеу СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

1%

1

4

"Стройкомпания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

1%

1

5

"Севимсталькон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

99

1%

1

6

"Сұлтан кондитерлік өнімдері" акционерлік қоғамы

223

0,5%

1

7

"Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені" акционерлік қоғамы

270

0,5%

1

8

"Петропавл нан-тоқаш комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

208

0,5%

1

9

"Петропавл нан-тоқаш комбинатының диірмені" еншілес кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

91

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады