"Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 27 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 5979 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.05.2021 № 743 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына (2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтары № 27 қаулысына қосымша
  Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 974 қаулысына 2-қосымша

Петропавл қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарынан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар тізімі

№ р/с

Ұйым атауы

Қызметкерлердің жыл басындағы тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы пайызы)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)


1

2

3

4

1

"Пилон" Құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

2%

1

2

"Основание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

325

0,4%

1

3

"Зерттеу СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

1%

1

4

"Стройкомпания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

1%

1

5

"Севимсталькон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

99

1%

1

6

"Сұлтан кондитерлік өнімдері" акционерлік қоғамы

223

0,5%

1

7

"Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені" акционерлік қоғамы

270

0,5%

1

8

"Петропавл нан-тоқаш комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

208

0,5%

1

9

"Петропавл нан-тоқаш комбинатының диірмені" еншілес кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

91

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады