Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 169 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 шілдеде № 4863 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 18.11.2021 № 345 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 31-бабы 2 тармағына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелді) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы- Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) оны ресми жариялағаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында осы қаулыны орналастыру.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының әкімі М.Әбішев

  Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудан әкімдігінің
2018 жылғы "11" шілдедегі
№ 169 қаулысына
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджет шығындарының басым бағыттары

      1. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстаулар;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;

      3.Алименттер;

      4.Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      5.Жәрдемақылар, стипендиялар;

      6.Банктік қызмет ақысын төлеу;

      7.ҚР Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер;

      8.Зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар;

      9.Бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      10.Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде) сатып алуға арналған шығындар;

      11.Тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер;

      12.Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау;

      13.Іссапарлар мен қызметтік сапарлар.

      Ескерту: қалған төлемдер шоттарының түсу кезектілігі тәртібімен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады