"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округінің "Көше атауларын өзгерту туралы" 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 8 шешіміне өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіқ тіркеу тізімінде № 13-6-150 тіркелді, 2010 жылғы 18 маусымдағы "Ишим", "Есіл Таңы" газетінде жариялған) келесі өзгерістер:
мәтін бойынша "селосы" сөзі "ауылы" деген сөзге ауыстырылсын, "селосының" сөзі "ауылдың" деген сөзге ауыстырылсын, "селолық" сөзі "ауылдық" деген сөзге ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г.ЗимарҰв |