Көше атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка селолық округі әкімінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 маусымда N 13-6-150 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдың", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі әкімінің 22.06.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Корнеевка ауылы тұрғындарының пікірлерін есепке ала отыра:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылының Октябрьская көшесінің атауы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері - Есім Шайкин атындағы көше деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округтің бас маманы Ғалия Әнуарбековна Баженоваға жүктеймін.

      3. Нағыз шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Ауылдық округі әкімі Ж.Сейпілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады