Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 29/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 5159 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 27.12.2023 № 11/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 шешіміне (2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;

      3 - қосымшасының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) пробация қызметінің есебінде болуы;".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жамбыл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Р. Садықов
      Жамбыл ауданы
мәслихатының хатшысы
Б. Мұсабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      _____________ Қ. Ақсақалов

      2018 жылғы "___" _________

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 29/2 шешіміне қосымша
  Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1- қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ еселігі және мөлшері

р/б №

Әлеуметтік көмектің атаулы күндерінің, мереке күндерінің және алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

1

2

3

15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні"

1

Кеңестік Армияның, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерлері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшы құрамдарына кірген тұлғалар (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса айтқанда); жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста оқу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндетті тұлғалар; жауынгерлік әрекеттер жүргізілген тұста Ауғанстанға жүк жеткізу үшін сол елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан әскери тапсырмалармен Ауғанстанға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстандағы кеңестік жауынгерлер құрамына қызмет көрсеткен, жарақат, жарымжандық, зақым алған немесе жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа уақыттардағы өзге де әскери міндеттерін атқару барысында немесе майданда болуына байланысты ауыруы нәтижесінде, сондай-ақ жауынгерлік әрекеттер жүргізілген Ауғанстан немесе басқа да мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде алынған жарақат, жарымжандық, зақым нәтижесінде мүгедектікке душар болған әскери қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Өзге елдерде әрекеттегі армияның жауынгерлер құрамына қызмет еткен және жауынгерлік әрекеттер кезеңінде жарақат, жарымжандық, зақым немесе ауру нәтижесінде мүгедектікке душар болған тиісті санаттың жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттер кезінде немесе жауынгерлік әрекеттер орын алған өзге мемлекеттерде жарақат алу, жарымжандық, зақым, ауру нәтижесінде қаза тапқан (із-түзсіз жоғалған) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және жауынгерлік әрекеттер жүргізілген басқа да елдерге жұмыс істеу үшін барған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

6

Ауғанстан аумағында уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген контингенті құрамына енбеген, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясы және басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жоюға, сондай-ақ ядролық қаруды сынақтан өткізу мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр станциясы апаты және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар, және ата-анасының біреуінің радиациялық сәуле алуына байланысты мүгедектігі генетикалық тұрғыда болған олардың балалары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр станциясы және азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлар салдарын жою кезінде қазаға ұшыраған тұлғалардың отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған тұлғалардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қазасы белгіленген тәртіпте Чернобыль атом электр станциясы немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы басқа да радиациялық апаттар мен қатерлі жағдайлардың, ядролық қаруды сынақтан өткізудің әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясы апаты салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздігінен кеткен) тұлғалар, эвакуацияланған күні құрсақта жатқан балаларын қоса айтқанда.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына бір рет – жүз айлық есептік көрсеткіш

2

Әскери қызметкерлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Армия, Әскери-Теңіз флоты, жасақтар және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдамалы құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы әскери бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар, немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнгалар ретінде әрекеттегі армия мен флот құрамындағы бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында болған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдер аумақтарында партизан отрядтары, астыртын топтар және өзге де фашизмге қарсы құрамалар құрамында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

7

Блокада кезінде Ленинград қаласындағы кәсіпорындарда, қала мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерьлер, гетто және басқа да ықтиярсыз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

9

Қызмет бабындағы міндеттерін өтеу барысында жарақат, жарымжандық, зақым алу немесе майданда болуына немесе жауынгерлік әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызмет бабындағы міндеттерін атқаруына байланысты ауыруы нәтижесінде мүгедектікке душар болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдары құрамындағы тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Белорус Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондар, взводтар мен халықты қорғау отрядтарының жауынгерлері мен командалық құрамдарында болған және осы батальондарда, взводтар мен отрядтарда қызмет бабындағы міндеттерін өтеу кезінде жарақат, жарымжандық немесе зақым алу салдарынан мүгедектікке душар болған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

12

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің зайыптары (жұбайлары), сонымен қатар жалпы ауруы, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) мүгедек деп танылған қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыс істеушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтардың екінші қайтара некеге тұрмаған зайыптары (жұбайлары).

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар.

Жылына бір рет – бес айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және ашаршылық күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына бір рет – он бес айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы ңоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

Жылына бір рет – жеті айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстық (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына бір рет – он айлық есептік көрсеткіш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады