Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7- бабы 4- тармағына, 37- бабы 7- тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 443 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 қарашадағы № 29/18 "Қызылжар ауданы Қызылжар селолық округі Бәйтерек ауылы және Қызылжар селолық округі Подгорное селосының шекараларын өзгерту туралы" біріккен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-135 болып тіркелді, 2011 жылғы 28 қаңтарда "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша қазақ тіліндегі "біріккен", "селолық", "селосының" сөздері "бірлескен", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
2) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша орыс тіліндегі "аула" сөзі "села" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.