Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Бәйтерек ауылы және Қызылжар ауылдық округі Подгорное ауылының шекараларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 443 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 қарашадағы N 29/18 бірлескен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 желтоқсанда N 13-8-135 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "біріккен", "селолық", "селосының" сөздері "бірлескен", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 26.11.2018 № 450 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 26.11.2018 № 34/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен қаулысы мен шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6, 31-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы 12-бабының 3-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдайды:

      1. Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Бәйтерек ауылы және Қызылжар ауылдық округі Подгорное ауылының шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Пшенбаев
      Мәслихат сессиясының
төрағасы
Е. Ғабдулин
      Мәслихат хатшысы А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады