"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2017 жылғы 11 қазандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бөлу нәтижесі бойынша құрылған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылы Строительная көшесінің бөлігі қайта аталсын:
Строительная көшесінің бірінші бөлігі – Мир көшесіне;
Строительная көшесінің екінші бөлігі – Парковая көшесіне;
Строительная көшесінің үшінші бөлігі - Энергетиктер көшесіне;
Строительная көшесінің төртінші бөлігі – Спортивная көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.