"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген), сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, 2018 жылға Уәлиханов ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, 2018 жылға Уәлиханов ауданының ұйымдардағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Оспанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 05 қаулысына 1-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота үлесі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Қзылту ұн үктіру комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 211 | 1% | 2 |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 05 қаулысына 2-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота үлесі | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
"Қызылту Су Арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 1% | 2 |