Атырау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 239 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 351 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 шілдеде № 4189 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 08 маусымдағы № 07-5/240 ұсынысына негізінде Атырау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 239 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4152 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Атырау ауылдық округінің әкімі А. Құмаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады