Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 03.07.2018 № 351 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 13 ақпандағы № 01-6/66 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау ауылдық округінің "Судоремонтник" бағбандық қоғамы № 100 учаскесі иелігіндегі мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты жеке сектор аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.