Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 29.06.2020 № 443 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабы 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясының төрағасы |
А. Құрманберлиева |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Мырзашев |
Махамбет аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 22.01.2019 № 316 шешіміне (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Рет саны | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 10 |
5 | Карт | 3 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |
7 | Махамбет ауданында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 25 |