Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 443 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 4696 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (О. Кайрекешева).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кабдешев
      Мәслихат хатшысы М. Мырзашев

  Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 443 шешіміне қосымша

Махамбет аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдердің тізбесі:

      1. "Махамбет ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3481 санымен тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      2. "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 санымен тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3. "Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 209 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 316 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 санымен тіркелген, 2019 жылғы 01 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады