"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 11 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 4191 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушысының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 14-11/145 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 санымен тіркелген, 2018 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады