"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақтоғай ауылдық округәкімінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 4145 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 08/70 ұсынысы негізінде Ақтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4000 санымен тіркелген, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Е. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады