Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 19 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4000 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 02 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 02.05.2018 № 4 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 6 қарашадағы № 08/230 ұсынысына сәйкес, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауылдық округі аумағында трихофития ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесіне" (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жария ланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Махамбет
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммунальдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
Е.Б.Сүйеуғалиев

      "24" қараша 2017 жыл

      Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің "Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Махамбет аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы республикалық
мемлекеттік мекемесінің" басшысы
Л. Мамаева

      "24" қараша 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады