Сарайшық ауылының кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 31-Ш шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 4237 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысының негізінде, Сарайшық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарайшық ауылдық округінің Сарайшық ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) №1 көшені - Қасым хан есімі;

      2) №2 көшені - Есім хан есімі;

      3) №3 көшені - Бұқар жырау есімі;

      4) №4 көшені - Құрманғазы есімі;

      5) №5 көшені - Тұрар Рысқұлов есімі;

      6) №6 көшені - Рақымжан Қошқарбаев есімі;

      7) №7 көшені - Хиуаз Доспанова есімі;

      8) №8 көшені - Астана атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
Н. Досқайыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады