Жалғансай ауылдық округінің Жалғансай ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 14 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 тамызда № 4232 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысына сәйкес, Жалғансай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалғансай ауылдық округінің Жалғансай ауылындағы көшелерге төмендегі атаулар берілсін:

      1) № 1 көшені – Амангелді Иманов есімі;

      2) № 2 көшені – Махамбет есімі;

      3) № 3 көшені – Жамбыл есімі;

      4) № 4 көшесі – Абай есімі;

      5) № 5 көшені – Сәкен Сейфуллин есімі;

      6) № 6 көшені – Мәншүк Мәметова есімі;

      7) № 7 көшені – Исатай есімі;

      8) № 8 көшені – Бейбарыс есімі;

      9) № 9 көшені – Жаңа ауыл атауы;

      10) № 10 көшені – Ақжайық атауы;

      11) № 11 көшені – Омар Төлешов есімі;

      12) № 12 көшені – Бауыржан Момышұлы есімі;

      13) № 13 көшені – Дина Нұрпейісова есімі;

      14) № 14 көшені – Хиуаз Доспанова есімі;

      15) № 15 көшені – Рақымжан Қошқарбаев есімі;

      16) № 16 көшені – Шоқан Уәлиханов есімі;

      17) № 17 көшені – Әлия Молдағұлова есімі;

      18) № 18 көшені – Елорда атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі К. Садиқов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады