Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 27 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 4210 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысының негізінде, Бақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бақсай ауылдық округінің Таңдай ауылдағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 көшені – Махамбет Есенбаев есімі;

      2) № 2 көшені – Әлия Молдағұлова есімі;

      3) № 3 көшені – Мәншүк Мәметова есімі;

      4) № 4 көшені – Қаныш Сәтбаев есімі;

      5) № 5 көшені – Құрманғазы есімі;

      6) № 6 көшені – Амангелді Иманов есімі;

      7) № 7 көшені – Қаршыға Ахмедьяров есімі;

      8) № 8 көшені – Абай есімі;

      9) № 9 көшені – Қажымұхан Мұңайтпасов есімі;

      10) № 10 көшені – Бақсай атауы;

      11) № 11 көшені – Пангерей Бердешов есімі;

      12) № 12 көшені – Жаңа ауыл атауы;

      13) № 13 көшені – Махамбет есімі;

      14) № 14 көшені – Бала Ораз есімі;

      15) № 15 көшені – Нұрмұхан Жантөрин есімі;

      16) № 16 көшені – Исатай есімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С. Базарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады