Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 147-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 сәуірде № 4088 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХI сессиясы төрағасы Қ. Сахибеденова
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

  Исатай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 147-VI шешіміне қосымша

Исатай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Исатай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 62-VІ "2017 - 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3749 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Исатай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы 79-VI "Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 62-VI "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Исатай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 100-VI "Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 62-VI "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған );

      4. Исатай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 105-VI "Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 62-VI "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3974 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Исатай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 119-VI "Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 62-VI "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады