Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 93 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қазанда № 4246 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 тамыздағы қорытындысына сәйкес Миялы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Миялы ауылында орналасқан жаңа көшеге Мұрат Мөңкеұлының есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін
атқарушы:
М. Кабилкайров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады