Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 11 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 4062 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 14.06.2018 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 16 қаңтарындағы № 01-03-10/16 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Елтай ауылдық округінде орналасқан "Қостан", "Жырақұдық-1", "Жырақұдық-2" қыстақтарына мүйізді ірі қара малдарынан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Индер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы Е. Дүйшім

      (ИАОА)________ (ИАҚДСБ)________

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Индер аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры:
"06" ақпан 2018 жыл
А. Доспаева
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Индер аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
"06" ақпан 2018 жыл
Ш. Ержанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады