Елтай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 06 ақпандағы № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 маусымда № 4170 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 04 мамырдағы № 09-10/152 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Елтай ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 06 ақпандағы № 11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4062 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Дүйшім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады