Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 4201 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы Индербор кентіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) "Болашақ" шағын ауданындағы № 6 көшеге – "Астана" атауы;

      2) "Болашақ" шағын ауданындағы № 2 көшеге – "Бөгенбай батыр" есімі;

      3) "Болашақ" шағын ауданындағы № 7 көшеге – "Қабанбай батыр" есімі;

      4) "Барлаушы" шағын ауданындағы № 3 көшеге – "Әлихан Бөкейхан" есімі;

      5) "Барлаушы" шағын ауданындағы № 4 көшеге – "Әлкей Марғұлан" есімі;

      6) "Болашақ" шағын ауданындағы № 8 көшеге – "Ғабит Мүсірепов" есімі;

      7) "Болашақ" шағын ауданындағы № 9 көшеге – "Әміре Қашаубаев" есімі;

      8) "Болашақ" шағын ауданындағы № 10 көшеге – "Малайсары би" есімі;

      9) "Шығыс" шағын ауданындағы № 2 көшеге – "Бейімбет Майлин" есімі;

      10) "Шығыс" шағын ауданындағы № 3 көшеге – "Міржақып Дулатұлы" есімі;

      11) № 4 участок көшеге – "Мағжан Жұмабаев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индербор кенті әкімінің
міндетін атқарушы
Р. Тұрабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады