"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 161 "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3278 болып тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылы 13 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.М. Есенгалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қарағаев |