Ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 02 мамырдағы № 21 "Киров ауылдық округіндегі Дәшін, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 25 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 шілдеде № 4188 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 21"Киров ауылдық округіндегі Дәшін, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3866 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің атауына, шешіміне және қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      "Киров ауылдық округіндегі Дәшін, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы" деген атауы "Жаңаталап ауылдық округіндегі Хиуаз, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Киров ауылдық округінің әкімі" деген сөздер "Жаңаталап ауылдық округ әкімі" сөздерімен ауыстырылсын;

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "1. Жаңаталап ауылдық округінің Хиуаз, Үлкен Күйген, Шағырлы, Жасарал ауылындағы көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атау берілсін.";

      "Киров ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "02" мамырдағы № 21 шешіміне қосымша" деген сөздері "Жаңаталап ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы "02" мамырдағы № 21 шешіміне қосымша" сөздерімен ауыстырылсын;

      "Дәшін ауылындағы" деген сөздері "Хиуаз ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі О. Тажбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады