Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 25/291-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 9 шілдеде № 4670 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/516-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 49/516-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-ІV "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:


Фозиноприл

Барлық санаттар

Спиронолоктон

Магний лактат дигидрат

Валериан сығындысы

Левокарнитин

Карведилол

Бисапролол

Лизиноприл

Убидекаренон

Напроксен

Аскорбин қышқылы (С дәрумені)+ рутин (Р дәрумені) кешенді дәрілік заты

Балық майы

Кальций карбонаты

Өсімдік тектес диуретикалық әсері бар дәрілік зат

Кешенді полидәруменді дәрілік зат

Цетиризин

Левоцетиризин

Ксилометазолин

Мометазон фуроат

Стерильді теңіз суы мұрын спрейі

Флутиказон фуроат

Ацетилцистеин+ туаминогептан сульфат

Ципрофлоксацин

Феназон

Неомицин сульфаты +полимиксин B сульфат + дексаметазон

Бетаметазон дипропионаты + клотримазол+ гентамицин кешенді дәрілік заты

Бетаметазон

Метилпреднизолон ацепонаты

Кетоконазол

Урьяж Ксемоз

Құрамында цинкі бар полидәруменді кешен

Амоксициллин+клавулан қышқылы

Домперидон

Алгелдрат+ магний гидроксиды

Фамотидин

Мебеверин

Висмут трикалиядицитраты

Магний гидроксиды + алюминий гидроксиды

Оксолин жақпа майы

Құрамында бірнеше тірі симбиотикалық бактериалары бар кешенді дәрілік заттар

Бұзау қанының депротеинделген гемодериваты

Магний аспарагинаты + калий аспарагинаты

Атропин сульфаты

Бета аминомай қышқылы

Винпоцетин

Магний глутамат гидробромиды+гамма –аминомай қышқылы+пиридоксин+гамма амино-бета-оксимай қышқылы

Құрамында карнитин+аденозин+ пиридоксин +рибофлавин+ цианокобаламин бар кешенді дәрілік заты

Адеметионин

Гингко билоба

Гопантен қышқылы

Тербинафин

Мельдоний

Мексидол

Бетагистин

Баклофен

Толперазон

Тригексофенидил

Оксибутинин

Кортексин

Инозин

Ацикловир

Хлоргексидин

Полифитті май

Токоферол

Артикаин гидрохлориды + эпинефрин гидрохлориды

Калий йодиды

Колекальциферол

Левотироксин натрий

Фенилэфрин

Тобрамицин

Дифенгидрамин + нафазолин

Интерферон альфа 2b + дифенгидрамин гидрохлориды

Гексамидин диизетионаты + хлоргексидин биглюконаты +хлоркрезол

Клотримазол+хлорамфеникол+ беклометазон дипропионаты (сусыз)+ лидокаин гидрохлорид моногидраты

Ибупрофен

Клотримазол+ беклометазон

Азитромицин

Бенциклан

Фосфолипидтер

Темір сульфаты аскорбин қышқылымен

Декспантенол

Хлоргексидин

Ретинол ацетат

Күміс сульфатиазолы

Адгезивті таңғыш


      2. "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы З. Чалданов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады