Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 20 шілдедегі № 210 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 26 шілдеде № 4700 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 2 мамырдағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 02.05.2019 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15452 нөмірімен тіркелген Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін оны Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Тасжүрековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Е.А. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      Т.Қ. Сәрсембаев
      Е.Қ. Тасжүреков
      А.С. Сәбитов
      А.Б. Тасыбаев

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
20 шілдедегі № 210
қаулысына қосымша

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Тауарлы балық өсіру өнімінің түрі

2018 жылы өсіру көлемі (тонна)

Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық мөлшері, килограмм

Бағасы 1 кг (тенге)

Субсидия көлемі (мың теңге)

1

Бекіре және оның буданы

35,2

1,5

300

15 840,0

2

Албырт және оның буданы

25,0

1,2

360

10 800,0

3

Тұқы және оның буданы

1114,0

4,0

30

133 680,0


Барлығы




160 320,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады