Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 260 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте № 4723 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 25.01.2024 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3604 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "Оңтүстік Қазақстан" деген сөздер "Түркістан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.";

      "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар" деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Сарсембаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Е.Ә. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      Т.Қ. Сәрсембаев
      Е.К. Тасжүреков
      А.С. Сәбитов
      А.Б. Тасыбаев

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"6" қыркүйектегі
№ 260 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      1. Бюджеттік бағдарламалар:

      1) мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту;

      2) мәдениет объектілерін дамыту;

      3) спорт объектілерін дамыту;

      4) мұрағат объектілерін дамыту;

      5) туризм объектілерін дамыту;

      6) қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту;

      7) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері;

      8) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері.

      2. Сатып алуы ерекше тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады